Қазақстанға қай мемлекеттерден туристер жиі келеді?

Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметі бойынша, республикаға осы елдерден барлығы 6,5 мың саяхатшы келген. Соңғы жылдары Үндістаннан келген қонақтардың көбеюі байқалады- шамамен 3 мыңдай турист келіп-кеткен. Ал таяу шетелге келер болсақ, алғашқы ондықта Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай және Тәжікстан елдері бар. Жиһанкездердің басым бөлігі Алматының тұмса табиғатын тамашалауды таңдайды екен. Сондай-ақ олар Астана, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарына, Шымкент пен Қарағанды қалаларына ат басын бұруды жөн көреді.