Қазақстанның әуе компанияларына Украина кеңістігінің үстінен ұшуға тыйым салынады

Қазақстанның әуе компанияларына Украина кеңістігінің үстінен ұшуға тыйым салынады

Қазақстанның әуе компанияларына Украина әуе кеңістігінің үстінен ұшуға тыйым салынатыны туралы нұсқаулар жіберілді. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады. Бұл Украина аумағында азаматтық авиацияға төнетін қауіпке байланысты. Тыйым тұрақты, жүк және чартерлік әуе тасымалдарын орындайтын отандық әуе компанияларына қатысты. Сондай-ақ ол Украинада жағдай тұрақталғанға дейін сақталады. Ұшулардың тоқтауына байланысты жолаушыларға ақпарат беру үшін жедел желі қызметі іске қосылды: +7 7172 798213, +7 7172 798215.