Қазақстанның көмір қоры 300 жылға жетеді

Қазақстанның көмір қоры 300 жылға жетеді

Қазақстандағы көмір қоры әлі бітпейді. Шамамен 300 жылға жететін қоры бар. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, қара алтынның резерві 33,6 млрд тонна. Бұл дегеніміз, қазіргі қарқынмен қазба жұмыстары тағы бірнеше ұрпаққа жетеді деген сөз. Қазір әлемдегі қор бойынша топ-10 елдің қатарындамыз. Беткеұстар 10 көмір алабымыз бен 300-ге жуық кен орнымыз бар. Мол кеніштер толық зерттелгенімен, ірілі-ұсақты учаскелердің 40-тан астамы ғана барланған.