Қазақстанның курорттық аймақтарына сұраныс бес есеге артты

Еліміздің Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, атап айтқанда, демалушылар арасында Үшарал, Балқаш, Зайсан және Үржар ерекше қызығушылыққа ие. Осы бағыттармен туристер Қазақстанның курортты аймақтары мен жағажайдағы демалыс орындарына барады.  Сонымен қатар жазғы маусымда сұраныс өскен бағыттардың ішінде Ақтөбе мен Түркістан ерекше көзге түседі. Биыл туристердің екі қалаға қызығушылығы 40%-ке артқан.

Ернур Кенжебеков, «Kazakh tourism» баспасөз хатшысы:

-Ішкі туризмді дамыту- шетелдік саяхатшылар санын арттыру сияқты маңызды. Мәдениет және спорт министрлігі ішкі туризмді ынталандыруға арналған түрлі бағдарламалар әзірлеп, іске асырып жатыр. Мысалы, Kids go  free бағдарламасы ел ішіндегі отбасылық демалысты тиімді жоспарлап, ақша үнемдеуге мүмкіндік береді. Туроператорлар арқылы туристік пакеттерді сатып алу арқылы отандастарымыз 30% дейін үнемдей алады.