Қазақстанның оқу бағдарламаларына «Кәсіптер атласы» енгізіледі

Қазақстанның оқу бағдарламаларына «Кәсіптер атласы» енгізіледі

Еліміздің оқу бағдарламаларына «Кәсіптер атласы» енгізіледі. Бұл құжат жоғалып бара жатқан және мүлдем жаңа мамандықтарды қамтымақ. Оның ішінде мұнай-газ, энергетика, ауыл шаруашылығы, ақпараттық технологиялар, туризм, көлік-логистика, машина жасау, тау-кен металлургиясы және құрылыс сияқты салалар бар.

Соңғы уақытта Қазақстанда 250 жаңа мамандық пайда болды, жойылып бара жатқан 129 мамандық тіркелген, 95 трансформациядан өтіп жатыр. Білім және ғылым министрлігі еңбек нарығы талаптарының өзгеруіне байланысты жоғары оқу орындары 200 жуық инновациялық бағдарламаны іске қосатынын айтты. «Кәсіптер атласы» 2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасына енгізіліп, еңбек нарығы мен кәсіби стандарттарды болжауға негізделген.