Биыл қазақстандық әуе компаниялары 9 млн адамды тасымалдаған

Биыл қазақстандық әуе компаниялары 9 млн адамды тасымалдаған

2022 жылдың 10 айында қазақстандық авиакомпаниялар 9 миллионға жуық жолаушыны тасымалдады. Бұл былтырдың сәйкес кезеңінен 16%-ке артық. Халықаралық рейстерге келетін болсақ, қазіргі уақытта қазақстандықтар әлемнің 29 еліне тікелей рейстермен ұша алады. Мәселен, биыл Алматыдан Милан, Ираклион, Нячанг, Ашхабад, Сургут, Түмен және Новосібірге, сондай-ақ елордадан Санкт-Петербургке жаңа бағыттар ашылды. Бұдан басқа, Ақтау мен Шымкенттен Анкараға, Алматы мен Ақтаудан Мединаға, Астанадан Бакуге және басқа қалаларға рейстер іске қосылады деп күтілуде. Ал, 26 желтоқсаннан бастап Қазақстан мен Сейшел аралдары арасында және Пәкістан еліне жолаушылар тасымалы жолға қойылады. Үндістан, Қытай және Ұлыбританияға әуе арқылы қатынау рейстерінің санын ұлғайту көзделген.  Ішкі рейстерге келетін болсақ, олар 57 бағыт бойынша жүзеге асырылады.