Сирия бойынша келесі келіссөздер Нұр-Сұлтанда өтеді

Сирия бойынша келесі келіссөздер Нұр-Сұлтанда өтеді

Сирия жөніндегі Астана процесіне қатысатын барлық тараптар 15-16 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін келіссөзге келетіндерін растады. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, келіссөзге кепілгер-мемлекеттер – Ресей, Түркия және Иран, сондай-ақ Сирия үкіметі мен сириялық оппозиция делегациялары қатысады. Келіссөздердің күн тәртібіне Сириядағы жағдай, оның ішінде гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық ахуал, Женевадағы сириялық конституциялық комитет жұмысының жандану перспективалары, тараптар арасындағы сенімді нығайту, кепілге алынғандарды босату және із-түзсіз жоғалғандарды іздеу мәселелері енеді. 2022 жылғы 15 маусымда кепілгер-елдер сарапшылар деңгейінде екіжақты және үшжақты консультация өткізуге ниетті. Ал 16 маусымда тараптардың қатысуымен жалпы отырыс өтеді деп жоспарлануда.