Lamborghini тәркіленді: блогер Жанәбілов пен әйелі үйқамаққа алынды

Lamborghini тәркіленді: блогер Жанәбілов пен әйелі үйқамаққа алынды

Сотқа дейінгі тергеу аяқталып, танымал блогер Жанәбілов пен оның әйелі үйқамаққа алынды. Қаржылық мониторинг агенттігі олардың үстінен заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысты және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыруға тырысты деген айып таққан. Сот санкциясымен біраз мүліктері тәркіленбек. Олардың қатарында:  iPhone 17 ұялы телефон, Lamborghini Urus пен Lexus LX 600, сондай-ақ тағы 10 көлік бар. Тергеуге қарағанда, ерлі-зайыптылар 2025 жылы онлайн-курстарды сату арқылы заңсыз схема ұйымдастырып, қымбат сыйлықтарды ұтысқа қойған. Нәтижесінде азаматтардан 247,5 млн теңге көлемінде қаржы жинапты. Оның 60 млн теңгесі депозиттік шоттарға орналастырылған. Екеуінің Instagram желісінде 15 млн жазылушысы бар. Қазіргі күдіктілер қылмыстық іс материалдарымен танысуға кіріскен.


Ернар Тайжан, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

- Күдіктілер жария түрде ең көп репост жасаған қатысушыға 11-нші автокөлікті табысталғаны туралы мәлімдеп, акцияның қамту аясын кеңейту мен назар аудару мақсатын көздеген. Алайда іс жүзінде жеңімпаз анықталмаған және сыйлық табысталмаған.

 

¤

Күдіктілер жария түрде ең көп репост жасаған қатысушыға 11-нші автокөлікті табысталғаны туралы мәлімдеп, акцияның қамту аясын кеңейту мен назар аудару мақсатын көздеген. Алайда іс жүзінде жеңімпаз анықталмаған және сыйлық табысталмаған.