Мамандандырылған ХҚКО жұмысын қайта бастады

12 қаңтардан бастап мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмысын қайта бастады. Орталықтар әдеттегідей жұмыс күндері сағат таңғы 09:00-ден кешкі 18:00-ге дейін істейді. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде мәлімдеді.

Айта кетейік, мамандандырылған орталық ғимараттарына кіру «Ashyq» қосымшасы арқылы жүзеге асырылады. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты санитарлық қауіпсіздік нормасын сақтау, әлеуметтік қашықтық пен бетперде тағу қажет.