Қазақстан Дубайда өткен ірі көрмеде ерекше марапатқа ие болды

Еліміздің осы саладағы әлеуеті мен жетістіктерін 13 бірдей туроператор, 5 қонақ үй және отандық ірі әуетасымалдаушы, Шымкент пен Жетісу аймақтарының туризм басқармасы ұсынды. Көрме барысында жергілікті компаниялар шетелдік серіктестермен бірнеше келісім-шарт жасасты және халықаралық сала өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Қазақ туризм ұлттық компаниясының өкілдері атап өткендей, қазіргі таңда елімізге Біріккен Араб Әмірліктерінен қонақтарды тарту жұмыстары белсенді жүргізілуде. Мәселен, осы елдің азаматтары үшін 30 күнге дейін визасыз режим енгізілді. Сондай-ақ биылдан бастап Астана мен Алматыны Дубай мен Әбу-Дабимен байланыстыратын тікелей әуерейстер саны да едәуір артты.

Шырын Мусина, «Kazakh tourism» ҰК департаментінің директоры:

- Бұл көрмеге қатысу қазақстандық компанияларға шарттар жасасуға және туристерді елімізге тартуға бағдарланған халықаралық туристік операторлармен бұрыннан бері жақсы қалыптасқан әріптестік қатынастардың аясын дан әрі нығайта түсуге мүмкіндік берді. Біздің стенд Таяу Шығыс, Үндістан мен Қытай сынды елдердің шетелдік БАҚ өкілдерінің назарын аударды. Қазақстандық стендті құрып, таныстыруға үн қосқан адамдардың бәрі өз мақсаттарын абройлы атқарды. 4 күннің барлығы аса белсенді өтті.