Қоғамдық қабылдау орталығына күніне 100-ге жуық азамат жүгінеді
Алматылықтардың мәселелерін шешу енді әлдеқайда оңай әрі қолжетімді бола түседі. Өйткені тұрғындарға арналған Open Almaty қоғамдық қабылдау орталығы жұмыс істеп тұр. Мұнда күніне кемінде 100-ден астам адамның өтініші қабылданады. Телефон арқылы да түскен өтініштердің шұғыл орындалып жатқаны бар. Қоғамдық қабылдау орталығының жұмысымен тілшіміз танысып қайтты.
Алматылық Гүлмира Смаилова «Open Almaty» орталығына алғаш келді. Оның
мәселесі- апатқа қауіп төндіретін ағашты кесу. Операторлардың көмегімен
құжаттарын толтырып, рәсімдеді.
Гүлмира Смаилова, Алматы қаласының тұрғыны:
- Осы мәселе бойынша өтінішті қалай дұрыс толтырып тапсыру керегін
білмедім. Орталық жайлы жақындарымнан естіп, бірден келдім. Құрғақ ағашты кесу
жөніндегі өтінішімді қабылдады, әрі ары қарай не істеу керегін түсіндірді.
Орталыққа әсіресе телефон арқылы жүгінетіндер көп. Тұрғындар негізінен қоғамдық
көлік, инженерлік желілер, жол жөндеу, аумақты тазалау және көгалдандыру
мәселелері бойынша өтініш береді.
Мадина Уәлиева кеңес беруші:
- Соңғы уақытта цифрлық арналар арқылы ол яғни әлеуметтік желілер арқылы
және онлайн сервистер арқылы өте өтініштер көп түседі. Соның арқасында біз
білім базасының арқасында тез және нақты жауаптар бере аламыз. Органдарға
жібереміз және әрқайсына өз бағыты бойынша жауап беруін сұраймыз.
Ербол Медеуов, Алматы қаласы әкімдігінің «Open Almaty» қоғамдық қабылдауының басшысы:
- Бұдан әрі жоғары деңгейде сапалы қызмет көрсетуге бағытталған жұмыстарды жобалаудамыз. Жасанды интеллектің көмегімен барлық процесстерді автоматтандыратын болсақ әрине басқа да арналардың көмегімен өтінімдерді онмиканалдық принцип бойынша қабылдауға жоспарларымыз бар.
Бүгінге дейін, «Open Almaty» орталығына 2 миллионға жуық өтініш түскен.
Көбі оң шешімін тауып, 60 пайызы алғашқы 2- 3 күнде қаралған.

