Қазақстанның теңіз порттары жылына 23,7 млн тонна жүк өткізеді
Қазақстанның теңіз порттары жылына 23,7 млн тонна жүк өткізе алады. Бұл туралы еліміздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады. Ведомствоның хабарлауынша, Украинаның айналасындағы жағдайға байланысты туындаған логистикалық қиындықтарға сәйкес, қазақстандық экспорттаушыларға жүктерін еліміздің теңіз порттары арқылы, сондай-ақ одан әрі Транскаспий халықаралық көлік бағытымен жөнелту мүмкіндігін пайдалану ұсынылды. Министрліктің мәліметінше, Қазақстан теңіз порттарының жылдық өткізу қабілеті келесідей: Ақтау порты 14,7 млн, Құрық порты 6 млн, Ақтау Солтүстік теңіз терминалы 3 млн тонна жүк өткізе алады. Сонымен қатар қазіргі уақытта еліміздің теңіз порттарына 18 млн тоннаға дейін жүкті қайта бағдарлауға мүмкіндік бар.