Ғылыми қызметкерлерге арналған баспана бағдарламасы

Ғылыми қызметкерлерге арналған баспана бағдарламасы

Ақтауда оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер енді баспанамен қамтылмақ. Осы мақсатта Отбасы банк пен Ш. Есенов атындағы университет ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Бұл мақсат банктің «Корпоративтік» өнімі арқылы жүзеге аспақ. Осылайша университет оқытушыларының тұрғын үй мәселесі шешіледі.

 


Отбасы банк пен Есенов университеті оқытушыларды баспанамен қамту туралы келісімге қол қойды. Құжат аясында әр тарап 200 млн теңгеден бөледі. Бұл қаражат жоғары оқу орнының қызметкерлеріне жеңілдетілген қарыз алуға бағытталады.


Нұрлан Ақшанов, «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:


- Бастапқы жарна 10%, несиенің проценті 5. Максималды сома 20 млн теңге. Бағдарлама үйлері жоқ, жас перспективті мұғалімдер қатыса алады. Менің ойымша келесі жылда да осындай бағдарламаны жалғастырамыз.


Есенов университеті бағдарламалық инженерия, су көлігі және кеме қатынасы, құрылыс, тау-кен және мұнай-газ ісі, машина жасау, жылу энергетикасы, электр энергетикасы сынды ел экономикасы үшін маңызды мамандарды даярлайды. Оқытушылар үшін қолжетімді баспана мәселесі өзекті дейді университеті басшылығы.


Берік Ахметов, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің ректоры:


- Біз жыл сайын оқытушы проыессор құрамның жалақысын көтеріп келе жатырмыз. Бірақ бірден бір мазалайтын сұрақ үй болады ма? + 6:00 Отбасы банкке үлкен рақмет. Осындай мүмкіндіктерді біздің оқытушы профессор құрамымыздың талантты азаматтарды университетке тартуға мүмкіндік беріп жатқандарына.

Баспаналы болатындардың тізімін университет жасақтайды. Жалпы Отбасы банк ел бойынша ондаған кәсіпорынмен серіктестік орнатып, зауыт, өнеркәсіп орындары мен әртүрлі компаниялардың қызметкерлеріне жаңа баспана алуға көмектескен.