«Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы

«Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы

Ұлытауда «Алтын сапа» байқауының финалистері марапатталды. Әлеуметтік жауапкершілі зор кәсіпорын анықталып, оаған «Парыз» сыйлығының Гран-при жүлдесін иеленді.«Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы ұйымдастырылды. 80-ге жуық кәсіпкер өз өнімдерін ортаға салды. Бұл көрме отандық тауар өндірушілерді кеңінен таныстыруға, ынталандыруға, жергілікті кәсіпкерлікті қолдауға,,  өңірдің үздік өнімдерін  кеңінен насихаттау бағытталды.

Көрмеге алғаш рет қатысып, өз өнімін ұсынғандардың  бірі жеке кәсіпкер Бақыт Бөгенбаева. Ол Жаңаарқа ауданынан арнайы келген. Айтуынша, мұндай шаралар кәсіпкерлер үшін өз өнімдерін таныстырып, жаңа серіктестер табуға үлкен мүмкіндік береді. Кәсіпкер екі жылдан бері нан өнімдерін өндірумен айналысады.