Полицейлер дрон қолдана бастады

Полицейлер дрон қолдана бастады

Солтүстік Қазақстан облысында жол ережесі мен қоғамдық тәртіпті бақылауда дрондар қолданыла бастады. Полицейлер ұшқышсыз ұшу аппаратын бірнеше күн бойы арнайы тестілеуден өткізген. Нәтижесінде ол тиімділігін көрсетіп, 10-ға тарта түрлі заң бұзу дерегін анықтады. Салдарынан ережеге бағынбаған жандарға әкімшілік хаттама толтырылды. Мамандардың сөзінше квадрокоптер көз жетпейтін жердегі, камера қойылмаған аумақты қадағалауда таптырмас көмекшіге айналды. Ол республикалық трассаларда жылдамдықты асырып, қауіпсіздік белдігін тақпағандарды, көлік тізгіндеу кезінде телефон пайдаланғандарды, екі жолақты басып өткен жүргізушілерді еш қиындықсыз тіркейді. Сондай-ақ қоғамдық жерде темекі шеккендермен абаттандыру талаптарын орындамаған азаматтарды  таспалайды.