Сырдарияда сең қозғалды

Сырдарияда сең қозғалды

Сырдарияда сең қозғалды. Қазіргі таңда өзен арнасы бақылауға алынып, азаматтық қорғау қызметі дайындыққа келтірілген. Бүгінде өзеннің Қызылордаға дейінгі бөлігі мұздан толық тазарған. Сірескен сең ақырындап қала тұсынан өтіп жатыр. Мұнда қауіпті саналған 5 учаске күні-түні бақылауда. Ал, солтүстік аудандардағы мұздың қалыңдығы 20-40 см аралығында. Жалпы, аймақта су басу қаупі жоғары 29 елді мекен болса, ондағы халық саны 70 мыңға жуықтайды. Мамандар болжамынша, Сырдариядағы сең наурыздың орта шенінде Арал теңізіне жетуі мүмкін.