Жаңа Салық кодексі баспана бағасына әсер етпейді

Жаңа Салық кодексі баспана бағасына әсер етпейді

Жаңа Салық кодексі тұрғын үй бағасына еш әсер етпейді. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, баспана 20 пайызға қымбаттайды деген болжам негізсіз. Жыл соңына дейін елімізде 19 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынады. Баспана бағасы нарықтық әдістермен реттеліп жатыр. 10 жыл бойы мемлекет жеке меншік құрылыс компанияларына тұрғын үй тапсырысын беру арқылы бағаға ықпал етіп келген.