Қазақтың ұлы композиторы ұлықталды

Қазақтың ұлы композиторы ұлықталды

Елордада музыканың бәйтерегі – Мұқан Төлебаевтың 110 жылдық мерейтойына орай концерт өтті. «Ұлы Мұқаңа мұрагерлерден тағзым» кешінде қазақ музыкасының тарихында алтын әріптермен жазылған сазды әуендермен бірге «Астана Опера» солистері, хоры және Симфониялық оркестрі ұлттық композиторлық мектеп классигінің туындылары, дарынды заманауи авторлардың еш жерде шырқалмаған шығармалары орындалды. Концерт аясында Мұқан Төлебаевтың «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» операсынан үзінділер, сондай-ақ автордың «Тос мені, тос», «Кестелі орамал» танымал романстары ұсынылды. Бұдан бөлек Ахмет Жұбанов пен  Латиф Хамидидің аттас операсынан Абайдың ариясы, Абзал Мұхитдиннің «Әл-Фараби» операсынан «Гүлдер биі» шырқалады. Сонымен қатар отандық музыка жанкүйерлері кеште бірден екі әлемдік премьераның куәгерлері атанды. Оларға алғаш рет Әліби Әбдінұровтың шараға арнайы жазған Оркестр мен скрипкаға арналған концерті және Серікжан Әбдінұровтың «Фараб-Отырар» вокалдық-симфониялық дастаны таныстырылды.

Серікжан Әбдінұров,  ҚР композиторлар одағының төрағасы:
- Бүгінгі шара осы мұқан Төлебаевтың жылына байланысты қорытынды концертіміз. Бұл концертке біз көп ойланып, Қазақстан композиторлар одағының келесі жылы 85 жылдығы соған байланысты аға буын, орта буын, жас композиторлардың шығармаларын қостық, өйткені көрермен Қазақстан композиторлар одағының өсу жолын, өркендеу жолын көрсін деген мақсатпен.