Қазақтың үрмелі аспаптары
Желдің уілі мен құстың үні естілмейтін халық әуендерін ойға түсірудің өзі қиын. Ал адам баласы мұндай дыбыстарды музыкалық аспаптардың көмегімен беруді ерте замандарда-ақ меңгерді.
Осындай даудың тууының өзі – үрмелі аспаптардың тым ерте замандарда пайда болғанын дәлелдейді. Көшпенділердің сыбызғы мен флейтаға ұқсайтын аспабы туралы алғаш рет 13-14-ғасырлардың жазба деректерінде айтылған. Ол жерде башқұрттардың қурай деп аталатын, ұзынша келген, беті ашық, флейтаға ұқсайтын аспабы суреттеледі. Ал башқұрт зерттеушілері қурайдың пайда болуына Орта Азия халықтары, соның ішінде сыбызғы мен қамыссырнай сияқты, ежелден қалған аэрофондық аспаптары бар қазақтар әсер етті дейді.