«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 6 білім ошағы пайдалануға беріледі

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 6 білім ошағы пайдалануға беріледі

Орал қаласында №53 орта мектептің құрылысы аяқталуға жақын. «Келешек мектептері» Ұлттық жоба аясында бой көтерген білім ордасының құрылысына 4,6 млрд теңге қаражат жұмсалды. Жалпы былтыр Батыс Қазақстан облысында осындай 3 мектеп ашылған. Биыл 6 нысанның құрылысы жүруде, соның үшеуі жаңа оқу жылында шәкірттерді қабылдайды. Қалғаны жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.