Кешіккен әуе рейсіне өтемақы төленеді

Кешіккен әуе рейсіне өтемақы төленеді

Жолаушыларға құлаққағыс. Енді әуе рейстері кешіксе, жылдам өтемақы алуға болады. Ол үшін билеттер сатылатын мобильді қосымшаға арнайы сервис қосылады. Бұл туралы көлік вице-министрі мәлімдеді. Талғат Ластаевтың айтуынша, қазір осы бағытта жұмыс жүріп жатыр. Жалпы, ұшақтардың кешігуі –  әуе компаниялар мен әуежайлар арасындағы ретсіз жұмыстың кесірінен туындайды. Сондықтан, бүгінгі үкімет отырысында жауапты министрлікке осы жұмысты ретке келтіру тапсырылды.