ХВҚ: 2023 жылы Қазақстанның ЖІӨ өсімі 4,3% деңгейінде сақталады

Сонымен бірге институт 2024 жылы ЖІӨ өсімінің болжамын 5%-ке дейін жақсартты. Қор Қазақстандағы инфляцияға қатысты да болжам жасады. Оған сәйкес биыл елдегі инфляция шамамен 15%-ті  құрауы мүмкін. Ал 2024 жылы республикадағы инфляция тиісінше 8,5%-ке дейін түсуі ықтимал дейді, халықаралық сарапшылар.