Көлік жөндейтін келіншек
Бүгінде «Техниканың тілін тауып, көлік жөндеу – тек ер-азаматтардың қолынан келетін іс» деген ойдың қате пікір екенін дәлелдеп жүрген әйелдер аз емес. Солардың бірі - Түркістан қаласының тұрғыны Айзада Мейірбанова. Ол жиырма жылдан астам уақыт бойы көлік жөндеумен айналысып келеді.
Жаны нәзік болса да, жұмысы ауыр
Айзада көлік жөндеуді 23 жыл бұрын бастаған. Оған дейін тігінші болып, саудамен
де айналысып көріпті. Соңында осы кәсіпке тоқтадым дейді ол. Техникалық білімінің жоқтығына қарамастан
қазір ол кез келген көліктің ақауын тауып, тез жөндеп береді.

