Энергетикалық қауіпсіздікке бетбұрыс
Қазақстанда энергетикалық инфрақұрылымның 60 пайызы
тозған. Салдарынан соңғы екі жылда кей қалалар жылусыз қалды. Мамандар бұл
мәселеден атом электр станциясы ғана алып шыға алады деп есептейді. Әрине, күн,
жел, су тәрізді жаңа энергия көздерін де пайдаға асыруға болады. Бірақ, АЭС
қамти алатын үлеске жету үшін балама өндіріс триллиондаған доллорды қажет
етеді.
Бізге керек электр мен жылудың 70 пайызға жуығы көмірмен
жұмыс істейтін стансалардан алынады. Бірақ, олардың көбі ескірген. Тіпті, кейбірінің пайдалану мерзімі жарты ғасырдан асып кеткен. Былтыр Үкімет
көрсеткен мәліметке сенсек, Арқалық қаласындағы станса 95 пайызға жарамсыз.
Оралдағы орталық та солай. Кентау қаласындағы қазандықтың да 92 пайызы жыл
сайын жөндеуді қажет етеді. Сол құлағанды тұрғызып, жыртылғанды жамап жүрген
қаржыға бірнеше АЭС салып алуға болар еді, - дейді мамандар.

