Қолөнер – сырлы өнер. Тасбих, құмыра, қуыршақ жасау әдісі.
Соңғы уақытта қолдан жасалған қуыршақтармен бөлме ішін сәндеу әдетке айналып барады. Бұл өзгеше өнер түріне көпшіліктің тәнті болғанына бірнеше жылдың жүзі болды. Әдемі болып тұру үшін мұндай қуыршақты үйіңізге қойсаңыз, кез-келген мейманның көңіліне қуаныш сыйлайтыныңыз анық. Қуыршақ өндірісімен айналысатын мамандар үшін мұндай ойыншықты жасау тек талантыңды ашатын әуестік қана емес, үйге қомақты қаражат алып келетін бизнес көзіне де айналып отыр. Қарасаң көз тоймайтын мұндай тамаша дүниені көрме мен галерияда, дүкен мен мейрамханаларда көргенде «Осыны өзім неге жасап көрмеске?» деген құлшыныс пайда болады. Өте әдемі қуыршақтарды жасау үшін өнер саласында білім алуың маңызды емес. Ең бастысы бейнеті мол жұмысқа ынтаң болса жетіп жатыр.