Ұйғыр халқының көне музыкалық аспабы
Рубаб – ұйғыр халқының өте көнеден келе жатқан ұлттық музыкалық аспабы. Бұл аспап көлемі жағынан әртүрлі болып келеді және алуантүрлі дыбыс шығарады. Музыкалық аспап жасаудың шебері әрі музыкант Пархат Палтаевтың қолынан біз де осындай үлкен рубабты көріп тұрмыз.
Пархат Палтаев 30 жылдан бері Ұйғыр музыкалық театрында муызкант болып еңбек етіп, сонша жылдан бері музыкалық аспаптар жасаумен айналысып келеді. Бұл істі ол өзінің басты парызы санайды.
Музыкалық аспапты жасауға деген қызығушылық Пархат Палтаевтың бойында бала кезден пайда болған. Ал 5 жасқа келгенде өзінің тырнақалды аспабын жасаған.