Кореяда заңсыз жүрген отандастарымызға соңғы мүмкіндік берілді
Кореяда заңсыз жұмыс істеп жүрген қазақстандықтарға тағы
бір мүмкіндік берілді. Олар ақпан айының соңына дейін елден ерікті түрде шыға
алады. Ешқандай айыппұл төлемейді. Бұл туралы еліміздің Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Ол үшін жарамды төлқұжат, өз еркімен
кету туралы өтініш және әуе билеті қажет. Тағы бір талап: кетуге 3 -15 күн
қалғанда Кореяның иммиграция кеңселеріндегілерге ескертуі тиіс. Айта кетейік,
бұл бағдарламаға Кореяда жүріп істі болғандар, күштеп шығарылғандар және заңсыз
мәртебесін алмағандар қатыса алмайды.

