Қос диплом алу мүмкіндігі

Қазақстандық студенттер үшін қос диплом алу мүмкіндігі. Петропавл қаласындағы Солтүстік Қазақстан университетіне Аризона университетінің филиалына жаратылыстану, агротехнологиялық және IT салаларына алғашқы талапкерлерді қабылдау жүріп жатыр. Айта кетейік, былтыр екі білім ордасы мен еліміздің Білім және ғылым министрлігі арасында ынтымақтастық туралы үшжақты келісім жасалды. Қос дипломды бағдарламаға 500 грант бөлінді.

«Қозыбаев университеті Аризона университетімен стратегиялық серіктестік жүргізеді. Бұл қазақстандық талапкерлер үшін үлкен мүмкіндік. Біріншіден – халықаралық үлгідегі қос дипломға ие болу, сұранысы жоғары мамандықты игеру. Сонымен қатар, Қазақстан мен АҚШ-тың жетекші профессорларының қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізетін сабақтарына қатысу мүмкіндігі бар. Бұл ретте оқыту гранттар бойынша жүзеге асырылады, яғни оқуға түскен білім алушылар үшін, оның ішінде соңғы семестрде Аризона университетінде оқу тегін болады», - деп атап өтті Аризона университетінің стратегиялық бастамаларының директоры Рикки Салазар.

Сондай-ақ, құжаттарды тапсыру үдерісі жеңілдетілген. Өтініш берушілерге ыңғайлы болу үшін ол онлайн және офлайн режимінде жүзеге асырылады.