Қазақстан әдебиеті «Book Fair 2023» халықаралық кітап жәрмеңкесінде ұсынылды

Қазақстан әдебиеті «Book Fair 2023» халықаралық кітап жәрмеңкесінде ұсынылды

Ұлы Абайдың шығармалары, Әл-Фарабидің философиялық еңбектері және қазақстандық балалар жазушыларының шығармалары. Таңдамалы отандық әдебиет жыл сайынғы «Book Fair 2023» халықаралық кітап жәрмеңкесінде ұсынылды. Дәстүрлі көрме Қытайдың Гонконг пен Макао арнайы әкімшілік аймақтарында өтті. Сонымен қатар шара аясында аспан асты елінде арнайы ұйымдастырылған әлемдік өнер мен мәдениет алаңында «Асық» ойнап, қазақстандық студенттердің орындауында қазақ күйлері күмбірледі. Осылайша, көрме қонақтары қазақ халқының терең тарихы, салт-дәстүрі және мәдениетімен жақын танысуға мүмкіндік алды.