«Менің өмірім» акциясы өтті

«Менің өмірім» акциясы өтті

Менің өмірім! Талдықорғанда осындай атаумен ерекше акция ұйымдастырылды. Жастарды салауатты өмір салтына үндейтін бұл іс-шараны «Жетісу жастары» мемлекеттік мекемесі мен облыстық полиция департаменті бірлесіп ұйымдастырды. Акцияның негізгі мақсаты – жастарды зиянды әдеттерден сақтандырып, жарқын әрі саналы өмір сүруге ынталандыру.