Жасанды интеллект жол сапасын бақылайды
Қазақстанда жол сапасын жасанды интеллект бақылайды. Бұл
жүйе Smart Roads Diagnostics System деп
аталады. Оны Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы әзірлеп, патенттеген. Бұрын
әр 100 шақырымның деректерін өңдеуге 4 тәулік кететін. Қазір жасанды интеллект
бұл істі 4 сағатта тындырады. SRDS жол жамылғысындағы шұңқырлар мен ойықтарды
автоматты түрде анықтап, олардың көлемі мен ұзындығын өлшейді.

