ҚР Президенті Телерадиокешені мен Вьетнам Ақпарат агенттігі ынтымақтастық орнатты

ҚР Президенті Телерадиокешені мен Вьетнам Ақпарат агенттігі ынтымақтастық орнатты

Келіссөздерден кейін ресми делегация мүшелері бірқатар құжатқа қол қойды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені мен Вьетнамның ақпарат агенттігі арасында ынтымақтастық туралы келісім бекіді. Бұдан бөлек, екі елдің цифрландыруға жауапты министрліктері технология, инновация және цифрлық трансформация салаларында тәжірибе алмасады. Ал, мәдениет саласында тараптар 2025-2027 жылдарға арналған меморандум жасасты. Алдағы уақытта Қызылорда облысы әкімдігі мен Хынг Йен провинциясы бауырластық қарым-қатынас орнатады. Келісім геологиялық барлау жұмыстарын да қамтиды. «ҚазМұнайГаз» бен Petrovietnam  компаниялары осы бағытта ынтымақтастық орнатады.