Креативті индустрия орталықтары құрылады

Креативті индустрия орталықтары құрылады

Бүгін Президент қол қойған Заңға сәйкес енді әр облыста және ірі қалаларда креативті индустрия орталықтары құрылады. Бұл нысандар қатысушыларға өз өнімдерін коммерцияландыруға көмектеседі. Бұдан бөлек, саланы дамытуға ықпал ететін қолдау қоры қызмет көрсетеді. Қор таланттарды іздеп, оларды насихаттаумен, тиімді жобаларды әлем нарықтарында ілгерілетумен айналысады. Бұл бағыттағы жұмысты үйлестіруге Мәдениет және ақпарат министрлігі жауапты.