Құмар ойын - қоғам дерті

Құмар ойын - қоғам дерті

Елімізде 2026 жылға дейін лудомандардың санын екі есе азайту көзделген. Жалпы, қоғам дертімен күрес 4 бағыт бойынша жүзеге асады. Ұзын-соны 42 іс-шара. Құмар ойынның құрығынан босай алмай жүргендерді мемлекет есебінен тегін емдеу мен медициналық-әлеуметтік оңалту да да жоспарда бар.

Құмар ойын құрбанына айналған азаматтар еліміздің барлық өңірінде кездеседі. Жарқ-жұрқ еткен жарнамадан көз сүрінетін ірі қаланы айтпағанда, ауылда отырып-ақ қарызға белшеден батқан ойыншылар көп. Ұлытау облысындағы Назгүл мен Айбардың бір кездері берекелі отбасы да ойынның кесірінен ойран болған. Тапқанын бәске тіккен әкеге екі баланың болашағы да тоқтам бола алмапты.