Қыс қаһарына мінді
Қыс
қаһарына мінді. Еліміздің бірнеше өңірінде дүлей дауыл соғып, тас жолдар
жабылды. Республикалық маңызы бар жолдарда мыңнан астам көлік қаңтарылып тұр.
Ұйытқи соққан желдің жылдамдығы секундына 30 метрге дейін жетіп, жолаушылар
тасымалдайтын автобусты аударып жіберген. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты
полиция күшейтілген режимге көшті.

