Қыста піскен құлпынай
Еліміздің өзге аймақтарында
қақаған қыс. Ал, Кентауда құлпынай пісті. Қалаға қарасты Құсшы ата
елдімекенінде тұратын шаруа 21 соттық жерден жылына 1 тоннадан аса өнім алып
отыр. Ұлықбек Атаханова жылыжайына құлпынайдың 6 сортын еккен. Шығымы жаман
емес. Әзірге тек кентаулықтарды қамтып отыр. Бағасы маусымға қарай құбылып
отырады. Сәуір, мамыр айларында келісі шамамен 800-ден сатса, қысқы мезгілінде
5 мың теңгеден сатады.

