Қытай компаниялары су саласын цифрландыруға атсалысады
Отандық су шаруашылығы мамандары Қытайға барып біліктілігін арттырып келетін болды. Еліміздің Су ресурстары және ирригация министрі Power China компаниясы басшысымен осындай келісімге келді. Нұржан Нұржігітов Си Цзинпиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында бірнеше қытайлық кәсіпкерлермен кездесті. Олар Қазақстанның су саласын цифрландыруға атсалыспақ.
Айталық, Қытайдың азаматтық инженерлік-құрылыс корпорациясы 5 жылдан бері Жамбыл облысындағы ирригациялық арналарды, дренаж жүйелері мен құрылыстарды жаңғыртумен айналысып келеді. Енді суару жүйелерін цифрландыруға және автоматтандыруға ынталы. Сондай-ақ, CITIC Gonstruction компаниясы Қазақстанда су үнемдеу құрылғыларын шығаруға дайын.

