«Қыз Жібек» спектаклі Бішкекте қойылды
«Қыз Жібек» спектаклі Бішкекте. Қырғызстанда 10-шы халықаралық студенттік театр фестивалі өтті. Қазақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақ ұлттық өнер академиясының өнерпаздары «Қыз Жібек» спектаклін ұсынды. Мерейтойлық шараға биыл Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Түркия және Өзбекстанның өнер иелері қатысуда. Форумның мақсаты – жас актерлер мен режиссерлерді шабыттандыру, кәсіби байланысты нығайту және тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау.

