Қызылорда облысы: 140 отбасы баспаналы болды
Биыл Қызылорда облысы құрылыс көрсеткіші бойынша алдыңғы қатарда. Сыр өңірінде әлеуметтік нысандармен қатар, көпқабатты тұрғын үй құрылысында да серпін бар. Мәселен, тәуелсіздік күні қарсаңында Сырдария ауданында 140 отбасы қоныс тойын тойлады.
Халықты баспанамен қамту маңызды мәселе. Осы орайда Сыр
өңірінде бюджеттен қомақты қаржы бөлініп, тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп
жатыр. Облыс көлемінде соңғы екі жылда 4 мыңға жуық пәтер табысталып, 17 мың
тұрғын баспаналы болды. Ал, тәуелсіздік күні қарсаңында Сырдария ауданының 140
жанұясына пәтер кілті табысталды.

