Майра Сүлеева – мүмкіндігі шектеулі балаларға қамқор жан
Баланы қамқорлыққа алу – үлкен жауапкершілік. Ал егер оның ақылы кеміс болса, тіптен қиын. ал оларды тәрбиелеп, махаббатын беріп өсіру Майра Сүлеева үшін мүлдем қиын емес.
«Кеңес» Орталығы 1992 жылы Сүлеева Майра Мағауяқызы және мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарының бастамасымен ашылды.
Сүлеева Майра өзінің 25-жылдық қызметі барысында дамуында бұзылыстары бар балалар мен ересектер және олардың отбасыларының құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған әлеуметтік маңызы бар жобалар мен бағдарламаларды дамытуға үлкен үлесін қосты.
«25 жыл бұрын ауыр түрде психоневрологиялық патологиясы бар балалар төрт қабырғаға қамалып, ата-аналарының алдында жалғыз ғана жол – баланы медициналық-әлеуметтік мекемеге тапсыру шешімі болды. Бұл балалар ата-аналарының көзі тірісінде жетімдікке тап болды. «Кеңес» орталығы ашылғаннан кейін балаларды күнделікті тәлім-тәрбие беру, оқыту бойынша міндеттерді жүзеге асырып, мүмкіндігі шектеулі балалары бар ата-аналарға қолдау көрсетілді» – дейді Орталық басшысы Майра Сүлеева.