Марина Сугакова, құрылтайшы, «Ковчег» мекемесінің директоры
«Әңгімемді «Ковчегтің» бұрынғы пионер лагерінің аумағында орналасқанынан бастайын. Бұл жерде барлығы балаларға арнап жасалған. Олардың демалуына, осында тұруына ыңғайлы етіп жасалған. Екіншіден, «Ковчег» - жабық ұйым немесе тәртіптік нысан емес. Мұнда балаларға емін-еркін жүріп-тұруға болады, сондықтан 5,5 гектар аумақ – олар үшін нағыз серуендейтін жер. Мұнан басқа, біз әрбір баланың пайдалы іспен шұғылдануына жағдай жасаймыз. Пайдалы іс болғанда, қолдарынан бірдеңе келсе дейміз. Олар төсек жинаудан бастап түрлі өсімдіктер өсіруді, хайуанаттарға күтім жасауды үйренеді, сондықтан біздің аумағымызда шағын шаруашылық ауласы бар», - дейді Марина Сугакова.