Мал ұрлығы азаймай тұр
Ауыл тұрғындары ұрылардан зардап шегіп отыр. Мәжіліс
депутаты Мақсат Толықбай Ішкі істер министрінің атына мәселені көтеріп
сауалнама жолдады. Ол Шығыс Қазақстан облысы, Шыңғыстай ауылы тұрғындарының
шағымына ведомство ешқандай шешім қабылдамай отырғанын айтты. Елді мекеннің шырқын ұрылар әбден алып біткен. Әуре
сарсаңға түскен халық аудандық, облыстық ішкі істер органдарының табалдырығын
тоздырған. Нәтиже жоқ. Айта кетейк, елімізде мал ұрлығы үшін баукеспелер 7
жылдан 12 жылға дейiн сотталады.

