Маңғыстауда тұңғыш рет «Ақ мая Fest» шұбат фестивалі өтті
|
Маңғыстауда 15 мың көрермен жиналған ауқымды шұбат фестиваль өтті. «Ақ Мая Fest» - ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты дәріптейтін шара. Түйе сүтінен ақ сусын сарылған күнді тамашалауға Ресей, Франция, Қырғызстан, Англия және Еуропаның тағы бірнеше қалаларынан туристер арнайы келген. Дәмді
шұбат, әсем әуен, көтеріңкі көңіл күй. Бұл тұмса табиғатымен талайды
тамсандырған Айрақты тауының баурайындағы атмосфера. Шарада табиғи сусын тек
дәмі үшін ғана емес, денсаулық пен дәстүрдің жаршысы ретінде кеңінен
насихатталды. Қонақтар шұбаттың дайындалу жолымен қатар, сусынның сан алуан
нұсқаларынан дәм татты. Классикалық қалпынан бөлек, жидек қосылған, жалбыз
араласқан және тіпті мұзбен салқындатылған шұбаттың жаңа түрлері ұсынылды. |

