Маңғыстауда жаңа шағын аудан бой көтереді

Маңғыстауда жаңа шағын аудан бой көтереді

Маңғыстау ауданының орталығында жаңа шағын аудан бой көтереді. Қазір инфрақұрылым толық жүргізілген. Мектеп пен дәрігерлік амбулатория да салынып жатыр. Бұған қоса түйе сүтінің өндірісін ұлғайтуға арналған 10 жоба қаралады. Ал, 3 инвестициялық жоба қазір жүзеге асып жатыр. Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай шалғайдағы ауданға арнайы барып, ауыл-аймақтың тыныс-тіршілігімен танысты. Тұрғындармен кездесті.