Мегаполисте қоғамдық-мәдени демалыс орындары ашылды
Шымкент заманауи мультимодальды хабқа айналады. Мегаполис әуежайында екінші ұшу-қону жолағы салынды. Бұрынғы қоқыс полигоны Экопаркке айналды. Сондай-ақ, қала күнінда тағы бірнеше демалыс орны мен этно ауыл ашылды. Халықаралық деңгейдегі «Жапон» бағы мен «City Parkтің» ашылу рәсіміне Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев қатысты.
Шымкент әуежайындағы
екінші ұшу-қону жолағы ұшақтарды кез-келген жағдайда қабылдайды. Ұзындығы 3,9
шақырым. ПСН-80 санатындағы берік жабын,
ауыр жүк таситын әуе кемелерінің де ұшып-қонуына мүмкіндік береді.

