Мемлекет басшысы Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығына барды

Мемлекет басшысы Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығына барды

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Астанадағы Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығына барды. Биылғы жылы 8 заманауи зертханамен жабдықталған жаңа ғимарат пайдалануға берілді. 19 жыл жұмыс істейтін орталықта қоршаған орта объектілеріне және тамақ өнімдеріне бактериологиялық, молекулярлық-генетикалық, паразитологиялық, санитариялық-химиялық және токсикологиялық, радиологиялық зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Жедел әрі нақты нәтижелерді алуға мүмкіндік беретін зертханаларда заманауи анализаторлармен бірге агрессивті-химиялық реактивтерді қажет етпейді. Бұл зерттеу уақытын едәуір қысқартып қана қоймай, қаржыны да үнемдейді. Алдағы уақытта зерттеулер номенклатурасын жылына 2000 дейін кеңейту көзделіп отыр. Сонымен қатар зерттеулердің халықаралық сапа және құзыреттілік стандарттарын енгізу нәтижесінде Орталық Референс зертхана мәртебесіне ие бола алады. Яғни, басқа зертханалардағы күмән тудырған зерттеулердің дұрыстығы мен дәлдігін осы жерде нақты тексеруге болады.