Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі аясында 16 мыңнан астам депозит ашылды

Қазақстандықтар «AQYL» мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі аясында 16 мыңнан астам білім беру депозиттерін ашты. Бүгінгі таңда салымдардың жалпы сомасы 22,3 млрд теңгені құрайды. Осы арқылы мемлекет ата-аналарға баланы оқытуға кететін шығындарды және отбасылық бюджетке түсетін жүктемені едәуір азайтуға көмектеседі. Бұл жөнінде еліміздің Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Осы жинақтаушы салым жүйесін қолдаудың басты артықшылығы 9% дейінгі банктік сыйақыдан басқа, жыл сайын мемлекеттік сыйлықақы есептеледі. Бұдан басқа, білім беру депозиті Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорымен сақтандырылған және мемлекет пен үшінші тұлғалар тарапынан да кез келген шектеулер мен өндіріп алулардан қорғалған. Магистратура бойынша оқуын төлеу үшін жинауды жалғастыруына болады. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі аясында оқыту географиясына байланысты шектеулер жоқ.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов