Әбіш Кекілбаевтың 85 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция өтті
Ақтауда Әбіш Кекілбайұлының 85 жылдығына арналған конференция өтіп жатыр. Халықаралық деңгейдегі жиынға отандық ғалымдар және алыс-жақын шетелдерден зерттеушілер келген. Мақсат – қаламгердің мұрасын жаңаша зерделеу. Конференция екі күнге жоспарланған. Бүгін ғылыми-практикалық отырыс өтті. Сондай-ақ, Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Мемлекет басшысының құттықтау хатын жеткізді. Ал, ертең «Әбіш әлемі» фестивалі ұйымдастырылады. Онда шетелдік театрлар өнер көрсетпек.

