Жұмыс берушілер төлейтін міндетті зейнетақы жарнасы өсті

Жұмыс берушілер төлейтін міндетті зейнетақы жарнасы өсті

Биылдан бастап жұмыс берушілер төлейтін міндетті зейнетақы жарнасының көлемі өсті. Енді компаниялар еңбеккер табысының 3 жарым пайызын зейнетақы қорына аударып отырады. Былтыр 2 жарым пайыз болған. Бірақ бұл жарна барлығына бірдей берілмейді. Тек 1975 жылы және одан жоғары туылғандарға арналған. Өйткені олардың 1998 жылға дейін ортақ зейнетақы алу үшін еңбек тәжірибесі жеткіліксіз. Ал, 1975 жылға дейін туылғандарға, зейнеткерлерге, бірінші-екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ әскери қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдарға міндетті зейнетақы жарнасын төленбейді. Төлем шетелге ұзақ уақытқа тұруға немесе азаматтығын ауыстырғанда тоқтатылады. Мұндай жағдайда жұмыс беруші аударып келген қаражат зейнетақы қорында қалады. Зейнетақы жүйесіндегі бұл тетік - қызметкерлерді қартайған шағында лайықты зейнетақы төлемімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.