Мұхтар Әуезовтың үйі
Қазақстанның әрбір қаласында сол замандағы тұлғалардың өмірінен хабар беретін ғимараттар сақталып қалған. Алматы қаласындағы көше атаулары көбіне осындей ерекше белгілеріне байланысты қойылған. Жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысында мұнда атақты жазушылар, ғалымдар мен саясаткерлер тұрды. Сол себепті де, бұл аудан – «патша ауылы» аталып кеткен.
Есімі бүкіл әлемге танымал жазушы Мұхтар Әуезов бұл ауданның алғашқы тұрғындарының бірі. Бүгінгі таңда оның шығармалары 120 тілге аударылған. Жазушының туындыларына деген қызығушылық уақыт өткен сайын арта түспесе, азайған емес. Ол – «Абай жолы» сынды үлкен еңбекті дүниеге әкелген алып тұлға. Өз туындысында Абайдай данышпанды танытып қоймай, сонымен бірге сол замандағы қазақ халқының тыныс тіршілігін дәл сипаттап берген жан. «Абай жолы» – сол кезеңнің энциклопедиясы іспетті.
1949 жылы Мұхтар Әуезов Өнер және әдебиет саласы бойынша Сталин сыйлығының лауреаты атанды. Осылайша Кеңес Одағының ең биік марапатына ие болған «Абай» романы, уақыт өте келе, «Абай жолы» атты үлкен эпопеяға айналды.